07 наурыз 2020 | 10:17

Басқарма өкілі Алматыда карантинге жатқызылғандардың шағымына жауап берді

Сурет: elements.envato.com

Оңтүстік Кореяден келген соң Алматыдағы стационарлық карантинге жатқызылған қазақстандықтардың шағымына қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяден келген соң Алматыдағы стационарлық карантинге жатқызылған қазақстандықтардың шағымына қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілі ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚХР, Оңтүстік Корея және Ираннан келген ахаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылатынын еске салды.

Реклама
Реклама

Хабарламада изоляцияға арналған мекеменің әрбір палатасы қажетті жеке заттармен (су құйылған ыдыстар, асхана) қамтылғаны жазылған.

"6 наурызда әрбір бөлімшеде ыстық және суық су ағатын термопот орнатылды. Бөлме температурасына қатысты - палаталарда пластикалық терезелер орнатылған. Ал температураның төмендеуі - азаматтардың үй-жайды желдету үшін терезелерді ашуынан болды. Бүгінде палаталардағы ауа температурасы нормаға сәйкес келеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, карантиндегі адамдар жүк сөмкелерін қолдана алады. Ол жерден барлық қажетті заттарды, соның ішінде жеке гигиена құралдарын ала алады. Сонымен қатар, олардың туған-туыстары мен жақындары заттар жібере алады.

"Басқарма карантинде жатқандардың тілектерін ескере отырып, жеке бас гигиенасына қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қосымша калориялық тағамдар, оның ішінде жемістер ұсынылады", - деп хабарлады қаланың қоғамдық денсаулық басқармасы өкілі.

Еске салайық, 5 наурыздан бастап Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келгендер 14 күнге карантинге жатқызылады. Ал 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная