06 наурыз 2020 17:09

Алматыда карантинге жатқызылғандар шағым айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Кореяден келген соң Алматыдағы стационарлық карантинге жатқызылған қазақстандықтар жағдай жасалмағанын айтып шағымданды. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды жақсартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореяден келген соң Алматыдағы стационарлық карантинге жатқызылған қазақстандықтар жағдай жасалмағанын айтып шағымданды. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды жақсартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Қазір ол сол жақта, карантин өтіп жатқан ауруханада жүр. Біз карантинге жатқызылған науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық шараны қолданып жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп брифингте.

Ол министрлікке коммуналдық қызмет көмектесетінін айтты. 

"Біз бұл камераларға көп жылу береміз. Барлық жағдай ескерілді, біз 14 күндік міндетті карантиннің өтуіне қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз", - деді ол. 

Еске салайық, 5 наурызда Оңтүстік Кореядан шыққан ұшақтың 100 жолаушысы Алматыда карантинге жатқызылған еді. Олардың арасында төрт бала бар. 

5 наурыздан бастап Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келгендер 14 күнге карантинге жатқызылады. Ал 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети