Басшыны қарамағындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін жұмыстан кетіру заңмен бекітіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басшыны қарамағындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін жұмыстан кетіру заңмен бекітіледі Қайрат Қожамжаров.

Қазақстанда қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшысының отставкаға кетуі заңмен бекітілетін болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшысының отставкаға кетуі заңмен бекітілетін болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке өту туралы ереже бар. Ол саяси мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Бұл түзету 2013 жылы енгізілді, онда егер жетекшілердің, саяси мемлекеттік қызметкерлердің қарамағындағыларының бірі сыбайлас жемқорлығы үшін сотталатын болса, сот үкімі заңды күшіне енетін болса, оның отставкаға өтініш беруі керектігі туралы айтылған. Бірақ ол қызметкерді басшының өзі тағайындаған немесе оның келісімі бойынша тағайындалған болса ғана. Отставка туралы өтініш Мемлекет басшысына беріледі және Мемлекет басшысы оны бір ай ішінде қарайды", - деп жауап берді Қайрат Қожамжаров Парламенттегі үзілісте журналистердің сұрағына.

Агенттік басшысының айтуынша, келесі жылы Парламенттің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы беріледі, онда қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлығы үшін сотталған жағдайда басшысын жұмыстан шығару туралы норма болады.


 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети