“Бастамашысы кім болғанын түсіну керек“. Перуашев орынбасарының ұсталғанын растады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Азат Перуашев пен Дмитрий Васильев. Фото:parlam.kz, akzhol.kz Азат Перуашев пен Дмитрий Васильев. Фото:parlam.kz, akzhol.kz

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев ұсталған орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев ұсталған орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Бұл Ақпарат БАҚ-та жарияланды, бірақ ресми болған жоқ. Жұмада біз ҰҚК-ға сауал жібердік. Кеше біз Дмитрий Васильев ұсталды деген ресми жауап алдық. Бізге оның адвокаттарын көрсетті. Кеше біз оларға хабарласуға тырыстық. Әзірше, нәтиже болмады.

Бірақ бүгін-ертең оларды табамыз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, не болып жатқанын түсінеміз", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Азат Перуашев істің мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

"Қандай бап екенін растамады. Қандайда бір қызметтік хаттар тараған сияқты. Дәлірек айтсақ, оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасына "пара алды" деп айып тағылған болуы мүмкін.

Мұнда істің не туралы екенін түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер деп саналмайды. Параның бастамашысы кім болғанын түсіну керек. Не Васильев, не ол бопсалаудың құрбаны болды", - деді "Ақ жол" партиясы төрағасы.

Еске салайық, 4 қыркүйекте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкин ұсталды. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Әлеуметтік желіде генерал-майор Константин Воронкиннің және "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro