Бастапқы тіркеу алымын енгізгеннен кейін Қазақстанда көліктердің бағасы қалай өзгереді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бастапқы тіркеу алымын енгізу көлік әкелуді арзандатады. Бұл туралы инвестициялар және даму вице-министі Альберт Рау мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бастапқы тіркеу алымын енгізу көлік әкелуді арзандатады. Бұл туралы инвестициялар және даму вице-министі Альберт Рау мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа баж салығы "Индустриалды-инновациялық саясат мәселелері бойынша" заң қабылданғаннан кейін заңды күшіне енеді, бұл заң жобасы қазір Парламент Сенатында қаралып жатыр.

"Сатып алушылардың бірнеше мың долларға аз төлейтіні анық. Ең азы осы деңгейде, ал ең жоғарғысы бірнеше мың долларға дейін (аз төлейді - Авт.), бұл жаңа көліктер бойынша. Сонымен қатар, жаңа көліктер үшін ол төмендетіледі", - деп жауап берді Рау журналистердің сұрақтарына.

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев бағаның қалай өзгеретіні туралы болжамды есепті ұсынды. Ол мысал ретінде қозғалтқышының көлемі 2,4-2,5 литр Toyota Camry автокөлігінің бағасына бастапқы тіркеу алымын енгізудің қалай әсер ететінін айтты.

"Егер көлікке 3-5 жыл болса, онда қазір кедендік мөлшерлеме бар - текшесіне 2,15 евро. Яғни бұл бір көлікке 5 676 доллар дегенді білдіреді. Бұл көлікті импорттаушыларға төленетін кедендік баж салығы. Нәтижесінде біздің нарықта автомобильдің орташа бағасы шығады - 14,6 мың доллар. Ал бастапқы тіркеуге алым енгізгеннен кейін не болады? Біріншіден, 2016 жылдан бастап бізде кедендік салық 19 пайызға дейін төмендейді. Мұндай көліктер үшін ол 1 710 долларға тең болады. 5,5 мың доллар болған еді, енді 1 700 доллар болады. Айрықша мөлшерлеме жоқ. Бұл салық жыл сайын төмендеп отырады. 2017 жылдан бастап 18 пайыз, сөйтіп 5 жылдың ішінде 15 пайызға жетеді", - деді Нұрашев.

"Енді бұл айырмашылыққа бастапқы тіркеу алымы жасалады. Яғни, біз 500 АЕК туралы айтып отырсақ, ол 3 670 долларға тең. Нәтижесінде біздің көліктердің бағасы қазіргі деңгейге жетеді, 300 долларға төмен", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бес жылдан көп болған автокөліктерді алып қарайтын болсақ, айырмашылық одан да көп болады. "Яғни, мөлшерлеме текшесіне - 4 евро. Кедендік салық бір көлік үшін 10 мың доллардан жоғары, ал бастапқы тіркеу алымы сол қалыпта қалады. Бұл жердегі айырмашылық бес мың долларға тең. Қалғаны қалдықтарды өңдеу алымының есебінен жабылады", - деп түсіндірді Нұрашев.

"Үш жылға дейінгі жаңа көліктерге қатысты айтатын болсақ, бұл жерде 2,5 мың доллар айырмашылық шығады. Әрине бастапқы тіркеу алымын енгізу есебінен", - деп сөзін аяқтады ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, ИДМ вице-министрі Альберт Раудың мәліметінше, Қазақстанда бастапқы тіркеу алымының көлемі 0,25 ЕК-ке тең, ол шамамен 500 теңге. Егер бастапқы тіркеу алымы енгізілетін болса, жаңа көлікті тіркеу алымы осы күйінде қалады. Егер бірден үш жылға дейінгі көліктер әкелінсе бір реттік алым 50 АЕК-ке тең болады, егер үш жылдан жоғары болса - 500 АЕК. Ал автобус немесе жүк көліктері болған жағдайда, алым одан да жоғары болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro