Қарағандыда бастауыш сынып оқушыларына жүктілікке қарсы препараттардың пайдасы туралы жадынамалар таратылып жатыр, - деп хабарлайды NV.KZ порталы. Ақпарат құралының мәліметінше, бұл - Қарағанды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасы.

Парақшалар балаларға экологияға арналған сабақта таратылған. Ал мұндай сабақтарды тарих, биология және қоғамтану пәндерінің мұғалімдері жүргізеді. Бұрын бұл дәрістердің мазмұны туралы ата-аналардың ешқайсысы білмеген. Бұл пәнге арналған оқулықтарды да ешкім көрмепті.
Жадынамалар таратылған мектептің әкімшілігі экологияға арналған сабақтың факультативтік дәріс екенін айтты. Олардың уәжіне қарағанда, мұндай сабақтардың жалпы талаптарға сәйкес келуі міндетті емес. Ал ақпарат құралының хабарлауынша, факультативтік қосымша дәрістер сабақтан тыс уақытта және ата-аналардың келісімімен жүргізілуі керек.
Бұған дейін Оралда мектеп оқушыларына біржынысты махаббат туралы ертегі оқылғаны хабарланған еді. Бұл шығарма сыныптан тыс оқуға ұсынылған. Кейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мұғалімнің балаларға ұсынылатын кітаптардың тізімінен қателескенін айтты, автор Зоя Петрованың орнына Сионелла Петрованың шығармалары алынған.