12 қаңтар 2022 | 10:48

Басты міндетіміз - эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау - Смайылов

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт артқанын айтты.

"Қазір елордада, Алматыда, Шымкентте және Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқаны байқалады. Бұл өңірлер "қызыл" аймаққа өтті. "Сары" аймақта 6 өңір тұр. Басты міндетіміз - эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейту қажет", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Үйде медициналық көмек көрсету, оларды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем қызметін жандандыру қажет. Сонымен қатар, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеу жөніндегі шараларды пысықтау керек. Ревакциналау өте төмен қарқында жүріп жатқанын айтқым келеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халықты қайта вакциналау қарқынын жеделдетуді тапсырамын. Өңір әкімдері бұл мәселені жеке бақылауына алсын. Ералы Лұқпанұлы, сіз жалпы бақылауды қолға аласыз", - деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Ол барлық медицина қызметкеріне шынайы ризашылығын білдірді.

"Еліміз үшін қиын шақта олар тәулік бойы зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жараланғандардың өмірін құтқарады. Дәрігерлер ауруханаларды, жедел жәрдем көліктерін басып алған лаңкестердің басқыншылық әрекетін көрді. Құрметті медицина қызметкерлері, кәсібилік пен ерлік көрсетіп, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге дайын болғандарыңыз үшін рақмет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети