10 мамыр 2018 16:48

Басын партаға ұрған: Қарағандыда ата-ана мұғалімнің үстінен шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыдағы мектептердің бірінде оқитын оқушы мұғалімнің балалардың шүйдесінен ұратынын және бір баланың басын партаға соққанын айтқан, - деп хабарлайды "Новый вестник".


Қарағандыдағы мектептердің бірінде оқитын оқушы мұғалімнің балалардың шүйдесінен ұратынын және бір баланың басын партаға соққанын айтқан, - деп хабарлайды "Новый вестник".

Оқушылардың бірінің ата-анасы мұғалімнің тарапынан қоқан-лоқы көрсетілгені мәлімдеген. 

"Бірде менің ұлым сабақтан келгенде көңіл-күйі болмай, мұғалімнің құлақтан тартып, басынан соққанын айтты. Ол басын партаға соғып алыпты. Осыдан кейін қорқыта да бастаған: егер ата-анаңа айтатын болсаң, көзіңді шұқып, өлтіремін деп айтқан", - дейді әйел. 

Баланың анасы прокуратураға, білім бөліміне, білім басқармасына және білім министрлігіне де арыз жазған. Мектепке арнайы комиссия жіберіліп, бесінші сынып оқушыларынан аноним сауалнама алынған. Соның нәтижесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің педагогикалық тәртіп талаптарын бұзғаны анықталды. Мұғалімге тәртіптік шара қолданылды. 

Мектеп директорының айтуынша, мұғалімнің еңбек өтілі - 22 жыл. Соңғы бес жылда ол осы мектепте сабақ береді екен. 

"Біз бұл мәселені о баста шешіп қойғанбыз. Баланың анасы өзі келіп, мектепке еш қарсылығы жоғын айтып, қолхат жазып берді", - деді директор. 

Өз кезегінде мұғалім сотқа жүгініп, тәртіптік шараның алып тасталуына қол жеткізді. 

"Қазіргі уақытта ата-ана өз балаларын қатты еркелетіп жіберген. Дәл осы бала туралы айтар болсам: оның дәптерінде бірде-бір үй жұмысы жоқ! Оның әкесі мен шешесі баласының сабаққа дайын не дайын еместігін мүлдем қарамайды. Сыныптағы қыздар оның әрдайым төбелесіп жүретінін айтады. Мен ол күні оны ұрғаным жоқ, тек басынан сипап былай дедім: "Тыныш отыр!". Балалар мені жақсы көреді, сағынып жүр. Адамның абыройын төге салу әп-сәтте болатын іс. Бұл дұрыс емес, әділетсіздік! Ата-ана үйінде екі балаға шамасы жетпейді, ал біз бүкіл сыныппен жұмыс істейміз! Олар бізге алғыс білдіруі тиіс", - деді мұғалім. 

БАҚ мәліметінше, мұғалім күш қолданды деген дерек дәлелденбеген. Полицейлер де тергеу жүргізді. Медициналық сараптама бір айдан соң жүргізілген, соның салдарынан ешқандай жарақат анықталмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети