Ақтауда ер адам басына секірген мысық өліп қалды. Бұл туралы жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Ақтауда ер адам басына секірген мысық өліп қалды. Бұл туралы жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Жануарды қараған қыздың айтуынша, ветеринарлар қанша тырысқанымен, мысықтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
"Кеше мысық қайтыс болды. Оның әлсіз ағзасы шыдай алмады. Егер ол мүгедек болмаса, вирус жазылар еді. Егер вирус болмаса, жарақаты уақыт өте келе жазылар еді. Бірақ ғаламның басқа жоспарлары болды. Мен оны өлімнен алып қала алмадым. Байланыста болып, кеңестер мен дәрі жазып берген барлық ветеринарға алғыс айтамын. Барлығы хаттамаға сәйкес жасалды. Егер мен оның алдында бірдеңе үшін кінәлі болып, бір жерде қате шешім қабылдасам, ол үшін о дүниеде жауап беремін", - дейді қыз әлеуметтік желіде.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде ер адамның жүгіріп келіп, мысықтың басына секірген видеосы пайда болды. Осыдан кейін жануар аяғынан тұра алмай қалғаны көрінеді. Оқиға 2022 жылдың 4 қазанында сағат 22:00 шамасында 6-шағынауданда, 26-үй маңында болған.
Сот мысықтың басына секірген ер адамға үкім шығарды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!