Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында баспаналы болады, - деп хабарлайды Т.online.kz.
Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында баспаналы болады, - деп хабарлайды Т.online.kz.
Оған пәтер кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз-мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Талдықорғанда 64 және 55 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, жекеменшік балабақша, жаңартылған архив, 9 спорт алаңы және 7 аула алаңы қолданысқа беріледі.
Еске салайық, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Талдықорғанда туған Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болғанын айтқан еді.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы халқының саны 18 миллионға жетіп, есеп бойынша Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанған.