Баталов Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғынына пәтер сыйлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баталов Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғынына пәтер сыйлайды

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында баспаналы болады, - деп хабарлайды Т.online.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында баспаналы болады, - деп хабарлайды Т.online.kz.

Оған пәтер кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз-мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Талдықорғанда 64 және 55 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, жекеменшік балабақша, жаңартылған архив, 9 спорт алаңы және 7 аула алаңы қолданысқа беріледі.

Еске салайық, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Талдықорғанда туған Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болғанын айтқан еді.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы халқының саны 18 миллионға жетіп, есеп бойынша Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети