Батырбек Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі аппаратын басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырбек Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі аппаратын басқаратын болды Фото: primeminister.kz

Батырбек Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырбек Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Батырбек Әбділдин 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін, Сингапур университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің "Құрылыс консалтинг" АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2009-2011 жылдары - "Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы" РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2011-2015 жылдары - "Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы" МКК бас дәрігерінің орынбасары.

2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен. 2018-2019 жылдары - Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры. 2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети