Батыс Қазақстан облысында әкім иттерді атып тастады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында әкім иттерді атып тастады Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі иттерді пневматикалық мылтықпен атып жатқаны видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған видео, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі иттерді пневматикалық мылтықпен атып жатқаны видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған видео, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан қолында қаруы бар ер адамның көліктен түсіп, қаруды иттерге қарай бағыттағаны көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді. Видео 2 наурыз күні түс ауа Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде орналасқан жанармай құю бекетінде түсірілгені анықталды.

"56 жастағы ер адам пневматикалық мылтықпен қаңғыбас иттерге екі рет оқ атқан. Бірақ оқ жануарларға  тимеген. Бұл дерек Тасқала аудандық полиция бөліміне тіркелді. Ер адамның іс-әрекетінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ екендігі анықталды. Материал Тасқала ауданының әкімдігіне тәртіптік комиссия отырысында қарау үшін жіберілді, себебі ер адам Достық ауылдық округінің әкімі", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети