Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданында балықтар жаппай қырылып қалған. Аудан әкімдігі балықтардың қырылуына ауа райы себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданында балықтар жаппай қырылып қалған. Аудан әкімдігі балықтардың қырылуына ауа райы себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер Қазтал ауылына жақын орналасқан Қарасу тоғанының жағалауынан видео түсірген. Суда частик тұқымдас шабақтар өліп жатыр.
"2017 жылы осы тоғанда балықтар өлген еді. Жаман иіс шыққан болатын", - дейді ауыл тұрғыны Інжумаржан Ғазизова.
Қазтал ауданының әкімдігі Қарасу тоғаны балық шаруашылығына емес, техникалық суды сақтауға арналғанын айтты. Оның тереңгіді екі метрден аспайды.
"Биыл қыс қарлы болды. Тоғанның бір метрі мұз боп қатты. Балықтар оттектің жетіспеуінен өлген. Жаппай қырылуының алдын алу үшін қысқы уақытта мыңдаған қуыс тескен едік. Қазір тоған өлген балықтардан тазаланып жатыр", - деді Қазтал ауданының әкімі.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің инспекциясы бұл деректің тіркелгенін айтты. Оқиға орнына балық инспекторлары мен полиция қызметкерлері барған.