Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың шақырым жол жөнделген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында 1 мың километрден астам жол жөнделген. Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы – 445 км жолдың құрылысы аяқталған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында 1 мың километрден астам жол жөнделген. Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы – 445 км жолдың құрылысы аяқталған.

Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы бағытында 4 кезеңнен тұратын барлығы 144 км жолдың биыл бірінші және төртінші кезеңдері, яғни 72 км жолы қайта жаңғыртылса, екінші және үшінші кезеңдері (72 км) 2025 жылы КПО б.в компаниясы есебінен іске асырылатын болады. Күні бүгінде, аталған учаскелерде инертті материалдарды тасымалдау, айналма жолдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Ел Президентінің 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.

Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 километрі аяқталған болатын. 2023 жылы –104 километрі, 2024 жылы – қалған 16 километрі салынып бітті.

Облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Ауданға апаратын жолдың құрылысы толықтай аяқталды. Талай жыл жол қиындығын көрген тұрғындар бүгінде облыс орталығына еш қиындықсыз қатынайды.

"Бұрындары облыс орталығына қатынау үшін көп уақытымызды жоғалтатынбыз. Биыл жолдың құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді. Бұл ауданымыздың экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Жол салып беруге қолдау білдірген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз", - деп атап өтті Жәнібек ауданының тұрғыны Бекет Әліпқалиев.

Tengrinews
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro