Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz коронавирус бойынша республикалық шұғыл штабтың Telegram каналына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz коронавирус бойынша республикалық шұғыл штабтың Telegram каналына сілтеме жасап.
Коронавирус инфекцияның көбеюіне байланысты 15 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді. Адам көп жиналатын банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, отбасылық, естелік, салт және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режимде жүреді.
Қызметі тоқтатылды:
- мектепке дейінгі балалар ұйымдары (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі);
- қалалық демалыс саябағы, ойын-сауық нысандары;
- кинотеатрлардың, ойын алаңдарының барлық түрі (аула алаңдарынан басқа);
- түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, букмекерлік кеңселер;
- балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер;
- кейтерингтік қызметтерді және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету,
- діни нысандар;
Жұмыс режимі орнатылған:
9:00-ден 16:00-ге дейін:
- медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- түзету кабинеттері;
- білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары;
9:00-ден 18:00-ге дейін:
- банктік қызметтер
9:00 ден 22:00 дейін:
- азық-түлік дүкендері
10:00-ден 16:00-ге дейін:
- базарлар
10:00-ден 18:00-ге дейін:
- ХҚКО
- медициналық орталықтар
- стоматологиялық клиникалар
- азық-түлік емес дүкендер
- шаштараздар, сұлулық салондары
10:00-ден 20:00-ге дейін:
- сауда объектілері
10:00-ден 22:00-ге дейін:
- мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар;
- сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар.
12: 00-ден 20:00-ге дейін:
- фитнес орталықтары, СПА салондары
2020 жылдың 20 маусымынан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық объектілердің (объектінің жобалық қуаттылығының 50 пайызынан артық емес толтырылуы) жұмысына рұқсат етілсін.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтілгенін хабарланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!