Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы болып бұған дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов тағайындалды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы болып бұған дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов тағайындалды.
"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Ол Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бас маманы, прокуроры болып бастады. 2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2013 жылдың 4 сәуірінде Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.
БҚО-ның бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев өңірді 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап басқарды. Ол бүгін, 26 наурызда Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.