Батыс Қазақстанда алғашқы ПЭТ/КТ орталығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда алғашқы ПЭТ/КТ орталығы ашылды

Ақтау қаласында Қазақстанның батыс өңіріндегі алғашқы позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа нысанды Orhun Medical компаниясы Маңғыстау облысы әкімдігінің және ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының қолдауымен жүзеге асырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласында Қазақстанның батыс өңіріндегі алғашқы позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа нысанды Orhun Medical компаниясы Маңғыстау облысы әкімдігінің және ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының қолдауымен жүзеге асырды.

Компания мәліметінше, заманауи жабдық қатерлі ісік ауруларының түрі мен сатысын ерте кезеңде - дертті әлі тоқтатуға болатын шақта анықтап, растауға мүмкіндік береді. Енді Маңғыстау мен көршілес облыстардың тұрғындары ПЭТ/КТ тексеруінен өту үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр болатын. Енді өз өңірінде қызмет ала алады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталықтың ашылуын өңір үшін маңызды қадам деп атап өтті.

"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша мән беріп отыр. Батыс Қазақстанда алғаш рет біздің облыста қатерлі ісік ауруларын ерте анықтайтын орталық ашылып отыр. Енді тұрғындарымыз алыстағы өңірлерге бармай, осында толыққанды тексеруден өте алады. Диагностика қаншалықты ерте қолжетімді болса, аурудың асқынған түрлерін анықтау көрсеткіші соншалықты төмен болады. Осыған орай біз жобаға қолдау көрсеткені үшін Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымызды білдіреміз".

Orhun Medical компаниясының бас директоры Дирик Гёненч Нихат Алматыдан радиофармацевтикалық препараттарды тұрақты жеткізуді ұйымдастыру үшін кешенді жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

"Болашақта Алматыда жаңа циклотрон іске қосылғаннан кейін біз жылына 5 мың зерттеуге дейінгі әлеуетті арттыра аламыз. Бұл біз үшін жай ғана жоба емес - бүкіл ел бойынша ПЭТ/КТ орталықтарының желісін құру бағдарламасының бастауы", - деді компаниясының бас директоры.

Chevron Direct Investment Fund-тың қайта инвестициялау жобаларының менеджері Джон Дорффелд денсаулық сақтау саласына инвестиция салудың маңыздылығы туралы айтты.

"2023 жылдың соңында біз Orhun Medical компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы медициналық орталықтарды дамытуға 40 миллион доллар инвестиция салдық. Біз адамдардың өмір сапасын шынымен жақсартатын жобаларды қолдаймыз. Ақтау қаласындағы ПЭТ/КТ іске қосылуы - сондай шешімдердің бірі", - деді Джон Дорффелд.

Жобаға салынған инвестиция көлемі 1,3 миллиард теңге болады. Орталық заманауи United Imaging uMI 550 томографымен жабдықталған және жылына үш мыңға дейін зерттеу жүргізуге қабілетті. Нысанның ашылуына байланысты облыста 25 жаңа жұмыс орны құрылды.

Суреттер: Orhun Medical

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети