14 желтоқсан 2024 | 18:00

Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласында 400 орынға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қаладағы №31 мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа білім ордасының іске қосылуымен құттықтады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласында 400 орынға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қаладағы №31 мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа білім ордасының іске қосылуымен құттықтады.

"Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы бағытта облысымызда жаңа мектептер салынып, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 22 жаңа орта мектеп бой көтерді. Атап айтқанда, 2023 жылы жылы 16 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2024 жылы жаңа 6 мектеп салынып, аяқталуда. Сонымен бірге, "Жайлы мектеп" жобасы аясында 6 мектептің құрылысы 2025 жылы жалғасады", - деді Нариман Төреғалиев.

Жаңадан салынған төрт қабатты білім ордасы заманауи құралдармен жабдықталған. Жалпы көлемі 17 271 шаршы метрді құрайтын мектепте бір спорт зал, акт зал, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі шеберханалар бар. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Сыныптар заманауи компьютерлермен және интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де жағдайлар жасалған: пандустар, лифт, арнайы дәретхана және инклюзивті білім беру кабинеті бар.

Мектеп аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары да бар.

"Бүгін өте қуанышты күн. №31 мектептің құрылысының аяқталғанына қуаныштымыз. Балаларымыз үшін замануи үлгідегі жаңа біліс қолданысқа берілді. Мемлекет басшысына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Балаларымыз болашақта еліміздің мақтанышына айналып, өздерінің алған білімдерімен мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін", - деді ата-ана Гүлнар Қажымова.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer