Батыс Қазақстан облысында жергілікті полиция басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жергілікті полиция басшысы тағайындалды © "Мой Город"

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында жергілікті полиция басшысы болып Орал қаласы ІІБ жетекшісі Манарбек Ғабдуллин сайланды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы. Жергілікті депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

БҚО ІІД төрағасы Махамбет Әбітасовтың айтуынша, олар облыстағы аудандарды аралап үлгерген. "Дүйсенбі, 11 қаңтарда аудандық депутаттарға аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары таныстырылады, кейін бөлімше басшылары таңдалады", - деді Әбітасов.

Ғабдуллин Манарбек Серікқалиұлы 1969 жылы 29 қарашада Тайпақ ауданында дүниеге келген. 2004 жылы ол Өтемісов атындағы БҚМУ-ді құқықтану мамандығы бойынша бітіреді. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын ол учаскелік инспектор болып бастаған. 2013 жылдан бері Орал қаласы ІІБ басшысы қызметін атқарып келеді.

"Мой город" басылымының мәліметінше, Ғабдуллин қызметіне ішкі істер министрінің бұйрығы шыққаннан кейін кіріседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети