Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты Алтай Көлгінов.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы болып бұған дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов тағайындалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы болып бұған дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов тағайындалды.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Ол Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бас маманы, прокуроры болып бастады. 2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2013 жылдың 4 сәуірінде Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

БҚО-ның бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев өңірді 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап басқарды. Ол бүгін, 26 наурызда Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети