“Баум тоғайына“ қатысты дау: Сатыбалдының командасы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Баум тоғайына“ қатысты дау: Сатыбалдының командасы мәлімдеме жасады

Баум тоғайында бірде-бір ағаш кесілмейді. Бұл туралы Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин айтты. Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында жасыл желектің жартысына жуығын жою көзделген жоба жарияланған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баум тоғайында бірде-бір ағаш кесілмейді. Бұл туралы Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин айтты. Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында жасыл желектің жартысына жуығын жою көзделген жоба жарияланған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында "Баум тоғайы" мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" жобасы пайда болған еді. Құжатта саябақтағы ағаштардың тек 55 пайызы ғана сау, ал қалғандары әлсіреген, қураған және апатты жағдайда екені айтылған.

Жобаның мәтініне сәйкес, шамамен 12,7 мың текше метр ағашты – яғни тоғайдың 48 пайызын кесу жоспарланған.

Құжат мәтіні

Әкімдік мәлімдемесі

Ильзат Акчуриннің айтуынша, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу деректеріне сәйкес, сау екпелер – 55 пайыз, әлсіреген – 23 пайыз, өсімі тежелген – 12 пайыз, қурай бастағандар – 8 пайыз, қурап біткен және апатты жағдайдағысы – әрқайсы 1%.

"Осылайша, апатты жағдайдағы ағаштардың үлесі жалпы санының 9 пайызынан сәл ғана асады. Бұл БАҚ-та бұрын таралған "48 пайыз ағаш кесіледі" деген ақпаратты жоққа шығарады", - делінген жазбада.

Әкімдік мәліметінше, ағаштарды санитарлық сауықтыру – бұл ауру, қурап қалған және зақымданған бұтақтарды кесу, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шара. Бұл шаралар ағаштардың саулығын, пішінін және ұзақ тіршілік етуді сақтауға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети