24 ақпан 2016 13:00

Бауыржан Байбек әкімдік қызметкерлерімен бірге велосипедпен жүруге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі мен оның қоластындағы 86 қызметкер автомобильден велосипедке ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы халыққа есеп беру кездесуінде айтты. 


Алматы әкімі мен оның қоластындағы 86 қызметкер автомобильден велосипедке ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы халыққа есеп беру кездесуінде айтты. 

Қала басшысының айтуынша, Алматыда экологиясы мәселесін шешу үшін барлық жұмыс атқарылып жатыр. "Меніңше, экологиясы мәселесі - бастысы. Шығарылатын зиянды заттардың 80 пайызы көліктердің үлесінде. Амстердамда жыл сайын көліктерді 2 пайызға азайтып отырған, біз де азайтып отырамыз. Ян Гейл "Қалаға кімді шақырсаң, солар келеді" дейді. Көліктерді шақырсаң, көліктер келеді. Автобустар мен жаяу жүргіншілерді шақырсаң - солар келеді", - деді әкім.

"Бүгін әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке көшеді. Мен де велосипедке ауысуды жоспарлап отырмын. Көліктерімізді түгелдей газға ауыстырамыз. Егер біз үлгі көрсетпесек, кім көрсетеді? Бұл Астана емес қой, мұнда ауа райы жылы. Бізде жыл бойында серуендеуге болады. Адамдар жаяу жүруі үшін қолдан келгенді жасаймыз", - деді Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети