Бауыржан Байбек әуе апатынан қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

04 Қазан 2017, 17:44
0
Бауыржан Байбек әуе апатынан қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды - Бауыржан Байбек. © primeminister.kz
Бауыржан Байбек. © primeminister.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 3 қазанда Алматы түбінде болған әуе апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала басшылығы атынан әуе апатынан қаза болған профессор, акушер-гинеколог Талғат Патсаевтың, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаевтың және экипаж мүшелерінің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза, отбасы үшін де және барлық медицина қауымы үшін орны толмас қаза", - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету туралы тапсырма берілгені айтылады.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай