Алматы әкімі Бауыржан Байбек XV Еуразиялық медиафорумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек XV Еуразиялық медиафорумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімі геосаяси және өркениеттер қақтығыстарының көз алдымызда күшейіп бара жатқанын айтып өтті.
"Халықаралық саяси құралдар ретінде бірінші кезекте - күш, қысым, қорқытулар қолданылады. Әлемдік масс-медиа өңірлік және жаһандық соғыстың құралы болып бара жатыр. Фейктер әділдік пен жауапкершілік принциптерін бұзып жатыр. Ал бүгінде БАҚ-тың мүмкіндіктері мынандай - қоғамдық пікір арқылы түрлі айла-амалдар жасап қана қоймай, құндылықтарды өзгерту (...) ", - дейді Байбек.
Сондай-ақ, қала әкімі осы форумның әлемде болып жатқан процестерді талқылауға мүмкіндік беріп, проблемаларды шешуге тиімді жауаптар табуға ықпал ететініне сенімді екенін айтады.