Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Еліміз алғаш рет терроризм актіне тап болды. Бейбіт басталған шеруді деструктив күштер мен арандатушылар пайдаланып, кінәсіз адамдардың қаны төгілді, мемлекет пен азаматтарға моральдық және материалдық залал келтірілді. Жағдайдың өршуіне белсенді-сымақтардың жауапсыз, әлде тіпті қасақана әрекеттері себеп болған", - дейді Байбек Facebook-парақшасында.
Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайды бағалау бойынша, сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азамзаттардың өмірін сақтау және елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты тапсырма бергенін айтты.
"Қазіргі жағдайда ел Президенті жалғыз дұрыс шешім қабылдады - террористер мен бандиттерге қатысты қатаң шара қолдану. Конституция кепілі ретінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы азаматтарын қорғау үшін және тәртіп орнату үшін бәрін жасап жатыр. Адам өмірінен артық ештеңе жоқ! Тіпті дамыған демократиялық елдердің өзінде террористік акт кезінде адамдар мерт болса ең қатаң шаралар қабылданады", - дейді Байбек.
Байбек "Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған тергеу тобы жағдайдың себебін анықтап, барлық кінәліні: террористер, мародерлер, арандатушылар, сонымен қатар, ұйымдастырушылар заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартатынына сенімді" екенін жеткізді.
"Осы күндері нұротандықтар халықпен бірге алдыңғы шепте жұмыс істеп жатыр. Жағдайға байланысты біздің аймақтық бөлімшелер және қоғамдық қабылдаулар жұмыс істеп жатыр. Депутаттар, белсенділер мен еріктілер жергілікті әкімдіктерге көмектесіп жатыр. Алдағы күндері қираған қалалар мен зардап шеккендерге көмектесу жұмыстары бар. Билік партиясы ретінде Nur Otan осыған байланысты ұйымдастыру, кадрлық және басқа да ресурстарды жеткізеді.
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бәріміз еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына қолдау білдіруіміз керек", - деді ол.
Бауыржан Байбек қазақстандықтарды арандатушыларға ермей, тәртіп сақшылары мен жергілікті атқарушы органдарға бірлігіміз арқылы көмек көрсетуге шақырды.
"Партия атынан қаза тапқан марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Біздің күшіміз бірлікте! Қиындықтарды бірге еңсереміз!" - деді Байбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!