Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бауыржан Байбек Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді 20 наурыз 2016, 12:30

Байбек жұбайымен бірге №92 мектепте орналасқан №250 сайлау учаскесіне келді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Бауыржан Байбек Бауыржан Байбек

Алматы әкімі Бауыржан Байбек барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол жұбайымен бірге №92 мектепте орналасқан №250 сайлау учаскесіне келді.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы сағат 7.00-де елдің басым өңірінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. 

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.


Join Telegram