17 тамыз 2015 | 20:55

Бауыржан Байбек Наурызбай ауданының тұрғындарының мәселесімен айналысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.gov.kz © Almaty.gov.kz

Алматының Наурызбай ауданында 2015 жылғы 23 шілдеде болған сел себептеріне қатысты жарияланған ТЖ тәртібі алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Наурызбай ауданында 2015 жылғы 23 шілдеде болған сел себептеріне қатысты жарияланған ТЖ тәртібі алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданының аумағында жұмыс сапарымен болды. Қала басшысы Қарғалы өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстарын, су бөгетінің тазарту станциясын, селден қорғау бөгетін, су тазарту станциясын аралап көріп, білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Бұдан кейін Бауыржан Байбек көшпелі жиын өткізіп, мемлекеттік органдар басшыларының жүзеге асырған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есептерін тыңдады. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру және ауыз судың толықтай тазартылғандығы жөніндегі атқарылған нәтижелі іс атап өтілді.

Бұл күнде жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын Қарғалы өзенінің зардап шеккен 7 шақырым арнасы тазартылып, 5 шақырымнан асатын жердің жағалаулары нығайтылды. 406 учаске тазартылды, 175855 текше метр лас заттар сыртқа шығарылды. №28237 әскери бөлімше Ұлттық гвардиясының күші және қаржысы арқасында №187 орта мектептің жертөлесі ластан арылтылды, қазіргі кезде мектеп 98 пайызға тазарған.

Қала басшысы ТЖ болдырмаудың шараларын қарастыруды, өзен жағалауларын мықтап бекітуді тапсырды және үйлері сел зардабынан жапа шеккен тұрғындардың пікірлерін тыңдады. Тұрғындар Елбасы тарапынан жасалған қолдау мен көмекті, сондай-ақ ТЖ тәртібін алып тастау үшін барлық құрылымдардың жедел әрі ұтымды жұмыс атқарғандықтарын, нәтижесінде зардап шеккен аудандардың бұрынғы қалпына келгендігін айтты.

"ТЖ тәртібін алып тастау туралы шешім қабылданды, енді абаттандыру жөніндегі бұдан былайғы жұмыстарды штатты кесте бойынша коммуналды қызметтер жүргізетін болады. Кезек күттірмейтін міндет - 1 қыркүйекте барлық үш мектеп балаларды қабылдауға дайын болуы, балардың зардап шекпеулері үшін техникалық, сондай-ақ санитарлық нормалар сақталуы тиіс. Ең бастысы- өзен арналарынмықты етіп бекіту", - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети