Білім беру саласы қызметкерлерінің тамыздағы кеңесі кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек табысты адамның қандай болуы керектігі жайында сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім беру саласы қызметкерлерінің тамыздағы кеңесі кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек табысты адамның қандай болуы керектігі жайында сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Табысты адамда үш нәрсе болуы керек: ол білімді, тәрбиелі және дені сау болуы керек. Денсаулық болмаса, қалғанының керегі жоқ. Сондықтан балаларымызды жастайынан денін сау ұстауға үйретуіміз керек. Велосипед спортын қолдайтынымызды білесіздер. Жапониялық бір философ кейбіреулер жүгіруді біреуден қашу деп ойлайды деп айтқан. Жоқ біз қартайғанда сау болу үшін жүгіреміз. 40 жастан асқанда адам күшінен айырылып, семіп қалады. Ал спортпен шұғылданса, 60, 70 және 80 жасқа дейін қуатты болады. Балаларды осыған баулуымыз керек", - дейді Алматы басшысы.
Байбектің сөзінше, балалардың денсаулығы адамдардың өз қолында.
"Қазіргі кезде олар аз қозғалып, теледидар алдында, партада көп отырады. Сондықтан 1 қыркүйектен бастап нақты шааралар қолдану керек. Омыртқаның қисаюы, көру қабілетінің нашарлауы және басқалары - мұның бәрі білім сапасына әсер етеді. Жалпылай алғанда біздің барлық жоспарларымызға қаржы бөлінген", - дейді Байбек.
Қала басшысының айтуынша, қала бюджетінің бестен бір бөлігі - 86,4 миллиард теңге білім беруге бағытталған.
"Биыл қала мектептерін заманауи физика, химия, биология, лингафонды мультимедиялық кабинеттермен 100 пайыз жабықтадық. Бұл мақсатта қала бюджетінен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Оқулықтар сатып алуға - 2 миллиад теңге. Жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып жатыр. Біз инфрақұрылым жасап үлгермей жатырмыз, халық саны артып, мектеп пен балабақшадағы орындардың жетіспеушілігі бар, сондықтан бұл мәселелерді кешенді шешуіміз қажет", - деді Байбек.