Бауыржан Байбектің әкесі сотта кінәсін мойындады

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбектің әкесі сотта кінәсін мойындады Фото 2gis.kz

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының экс-әкімі, Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 319-бабы "Жерге тиісті құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу" бойынша істі қарады.

"Сот кабинетінде" жарияланған мәлімет бойынша, Қыдырғали Байбек елордада тұрғын емес үй-жайға аула жағынан кіретін есік салған. Бұл ретте ол құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органдарға хабар бермей, осылайша Әкімшілік кодексті бұзған.

"Сот отырысында Қ.М.Байбек өз кінәсін толық мойындады", - делінген сот қаулысында.

Қыдырғали Байбек заңбұзушылық жойылып, заңсыз есік алып тасталғанын түсіндірді. Сот оны кінәлі деп танып, 51 750 теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.

Бүгін таңертең сотта Қыдырғали Байбектің қатысуымен тағы бір отырыс өтуі керек еді. Ол ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігін бойынша айыпталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети