Бауыржан Бекешев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ төраға орынбасары болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бауыржан Бекешев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін ол ұлттық экономика вице-министрі қызметінде еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бауыржан Бекешев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін ол ұлттық экономика вице-министрі қызметінде еді.

Бауыржан Бекешев 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1983 жылы Қарағанды политехника институтын, 2001 жылы - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-механик, заңгер. 

Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды қаласында өндіріске оқыту шебері қызметінен бастаған.

1986-1997 жылдары инженер-конструктор, "Қарағандыкөмір" ӨБ тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының комбайндар жөндеу цехы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

1999-2008 жылдары "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" МБ-де, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында, "Қазақстандық ПЭТ-қаптама өндірушілер қауымдастығы" ЗТБ-де жұмыс істеген.

2008-2014 жылдары индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, экономикалық даму және сауда, өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2014 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

"Ерен еңбегі үшін", "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен марапатталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro