Бауырлары мен ұлын жерлеген зейнеткердің кредитін жауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауырлары мен ұлын жерлеген зейнеткердің кредитін жауып берді "Астана" телеарнасындағы сюжеттің скриншоты

"Нұр Отан" партиясының өкілдері алматылық зейнеткердің несиесін жабуға көмектесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясының өкілдері алматылық зейнеткердің несиесін жабуға көмектесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қайния Байбатырова бір жылда екі інісі мен туған ұлынан айырылып қалып, солардың жаназасына несие алған. Кейін уақытында жаба алмай, тығырыққа тіреліпті. Зейнетақы жыртығына жамау бола алмаған соң, банк картасы бұғатталыпты. Сондықтан өткен жылдың аяғында партиядан көмек сұрап өтініш жазған.

Көп күттірмей-ақ аудандық мәслихат депутаттары 300 мың теңге жинап берген. Алатау аудандық филиалына келген зейнеткер партия мүшелеріне ризашылығын білдірді.

"Екі інім, туған жалғыз ұлым өзімнің о дүниеге кетті. Бәрі жүректен қайтыс болды. Соның жаназасына ақшалай алынған зат қой. Соны қиналып төлей алмай, осы "Нұр Отан" партиясына келдім. Екі ай зейнетақымды блокта ұстап қалды ғой, арестке қойған төленбегеннен кейін уақытында. Соны жаптым. Алғысым өте көп", - деді Қайния Байбатырова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети