Бауыржан Байбек мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек апта сайынғы аппараттық кеңес барысында мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек апта сайынғы аппараттық кеңес барысында мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы Су" қалалық кәсіпорнының бас директорлығына Ермек Үсенбаев тағайындалды. Өз кезегінде, Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің басшысы атанды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, "Оңтүстік" және "Алматы" ӘКК-лар басқармасы төрағаларының орынбасары қызметтерін атқарды.

"Алматы Су" біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті модернизациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.

Бұрындары "Алматы Су" кәсіпорнын басқарған Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу жүйелері" ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары. Астананың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді атқарған.

Жаңа басшы алдына кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процесстер мен қызмет көрсетудіі цифрландыру міндеттері қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети