Бауыржан Мусиннің ісі сотқа түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Мусиннің ісі сотқа түсті © Facebook.com

Бауыржан Мусиннің ісі Астана қаласының сотына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Мусиннің ісі Астана қаласының сотына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Астананың Есіл аудандық №2 сотының 2017 жылдың 29 тамызында шығарған шешімімен Мусин Бауыржан Бағдатұлына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі, 366-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа келді. Басты сот отырысы 2017 жылдың 7 қыркүйегіне сағат 10.00-ге белгіленді", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталған еді. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары Б.Мусинді ұстады, ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін лоббилегені үшін жүйелі негізде пара алып отырған", - деп хабарлаған еді Антикоррупциялық қызмет өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети