Ұлыбританиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым Ұлыбританияның "алтын визасын" алған азаматтары бар елдердің тізімін жасады. Онда Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді, - деп хабарлайды The Tribune.
Ұлыбританиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым Ұлыбританияның "алтын визасын" алған азаматтары бар елдердің тізімін жасады. Онда Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді, - деп хабарлайды The Tribune.
Жалпы 278 бай қазақстандық "алтын виза" аталатын Tier 1-ді пайдаланды. Ол Ұлыбритания экономикасына қосқан инвестициясы үшін елде тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан тізімде 8-ші орынды иеленген.
Тізімде бірінші орынды Қытай алады - 4 106 миллионер. Топ-10 елдің қатарына Ресей (2526), Гонконг (692), АҚШ (685), Пәкістан (283), Үндістан (254), Сауд Арабиясы (223), Түркия (221) және Египет (206) кіреді.
Айта кетейік, "алтын виза" Ұлыбританияда мәңгі қалуға, елде бизнес жүргізуге және балаларды еуропалық біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияны екінші Отаны деп атау құқығы екі миллион фунт стерлингке тең. Бұл инвестор есепшотында болуы керек ең аз сома.
"Алтын визаға" үміткер қаражат кемінде екі жыл есепшотында тұрғанын дәлелдеуі керек. 2008 жылдан бастап мұндай құжатты 11 мың адам алған. Олар Ұлыбританияда тұруға және азаматтық алу үшін өтініш беруге құқылы.
Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысатын қайырымдылық ұйымының жаңа есебінде Үкіметке 2008 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде осы санат шеңберінде берілген визаларды шолу нәтижесін жедел жариялау ұсынылған.
"Ұлыбританияның "алтын виза" режимі Ұлыбритания үшін сыбайлас жемқорлыққа, ақшаны жылыстатуға және ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді", - деді Spotlight on Corruption атқарушы директоры Сьюзан Хоули.
Бұған дейін Әблязовтың ұлы "алтын виза" алушылар тізіміне кіргені хабарланған болатын. The Guardian ұлыбританиялық газетінің мәліметіне сәйкес, Мадияр Әблязов 2013 жылы инвесторлық визаға өтініш беріп, Ұлыбританияда тұруға ықтиярхат алған, ол үшін оның әкесі Мұхтар Әблязов Швейцария банкіне ұлының атына бір миллион фунт стерлингтен аса ақша аударған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!