28 желтоқсан 2015 | 14:00

Бай-манаптар Қазақстанды тонап жатыр - мәжілісмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев. © Тұрар Қазанғапов Мәжіліс депутаты Владислав Косарев. © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев кәсіпкерлерді қазақстандық экономикаға көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев кәсіпкерлерді қазақстандық экономикаға көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дағдарысқа қарсы жоспар талқыланып жатқан Үкімет сағатында ол бай-манаптарға қатысты пікірін айтты. "(...) Экономикамыз құлдырап кетті, 2008 жылы жалпы ішкі өніміміз 45 пайыз болған еді, бүгінде 36 пайыз. Елдің әр тұрғынына қыруар қаражатқа тұтыну тауарлары жеткізіледі. Мен сол қорқынышты сандарды мысалға келтірмей-ақ қояйын. Тауар әкелуге триллиондаған теңге жаратылады. Ал елден жүн, мақта әкетіліп жатыр. Мұнда кәсіпкерлік құрылымдардың өз мемлекетімізді тонап жатқанын, еңбеккерлерімізді жұмыссыз қалдырып жатқанын қалайша түсінбейміз? Олар жұмыс таба алмай жатыр, себебі шикізаттың бәрі әкетілді. Мұнымен қатар, көлеңкелі салаларда алкоголь өнімінің 60 пайызы бар. Біреу қыруар ақша тауып қалып жатыр, сатады, ал үкімет мұны реттей алмайды. Нақтысын айтсақ, реттегісі келмейді. Себебі адамдардың бай болуға деген талпынысын қолдайды. (...) Көлеңкелі бизнес алкоголь өндіру саласында ғана емес, басқа салаларда да бар", - деді депутат. 

"(...) Нақты айтамын, кәсіпкерлікте сәл де болса көтерілген адам бір ғана мақсатқа ұмтылады, мақсаты - өзінің туған мемлекетін ақымақ қылып, қалтасын қампайтып, ақшаны шетелде тығып қою. Сондықтан елдің зор мүмкіндіктері қолданылмай отыр. Егістіктің 30 пайызы өңделмейді, тасталған. Себебі бай-манаптар түсімі сегіз центнерден аспайтын жерге қаражат салғысы келмейді. (...) Бұлай жұмыс істеуге болмайды", - деді Косарев. 

"(...) Шетелден қандай тауарларды әкелуді қоюымыз керек. Өздеріңіз қараңыздар, жүн мен мақта долларға сатылады. Елге әкелінеді де, теңгеге айырбасталады. Сосын базарда тауар саудалайтын кәсіпкер шетелге шығады. Сондықтан доллар осылай қымбаттап кетті. Ендігіде кәсіпкерлік құрылымдардың экономикаға көмектесу жолдарын ойлау керек", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети