08 қыркүйек 2016 09:12

Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева Баян Есентаева

Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сәтжанның сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.


Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сәтжанның сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Жалғасы

Бұл продюсердің күйеуінің қатысуымен болған атышулы оқиғадан кейінгі бірінші сұхбаты. Осыған дейін Есентаева "уақыты келгенде" барлығын өзі айтып беретінін мәлімдеген еді.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. Ал кейін Бақытбек Есентаевтың соты өтетін күн белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети