Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі облыстық ІІД-ге жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі облыстық ІІД-ге жолданды © Instagram

Баян Есентаеваға қатысты ұрып-соғу ісі Алматы облысы ІІД-ге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Талғар аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Асқар Шайхин айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваға қатысты ұрып-соғу ісі Алматы облысы ІІД-ге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Талғар аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Асқар Шайхин айтты.

"Бақытбек Есентаевтың ісі Алматы облысының ІІД тергеу басқармасына, полковник Жоламановқа жіберілді. Енді барлық сұрақ бойынша Жоламановқа хабарласыңыздар, барлығы бақылауда", - деді Шайхин.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети