13 маусым 2016 | 18:15

Баян Есентаеваның күйеуі кінәсін мойындап отыр - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі продюсер Баян Есентаеваны өлтіруге оқталды деп айыпталып отырған Бақытбек Есентаев өз кінәсін мойындады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шахин хабарлады. Бүгін, 13 маусымда сот күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі продюсер Баян Есентаеваны өлтіруге оқталды деп айыпталып отырған Бақытбек Есентаев өз кінәсін мойындады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шахин хабарлады. Бүгін, 13 маусымда сот күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Есентаев кінәсін мойындап отыр, оның кінәсі дәлелденді, ол өз әйеліне пышақ жарақатын салды. (...) Бүгін сот санкциясы болды, іс тергеліп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайын аша алмаймын. Сараптамалар тағайындалды, жәбірленушінің қанша рет пышақталғанын тергеу барысында анықтаймыз", - деді ол.

Шайхин Бақытбек Есентаев қандай қызмет түрімен айналысқаны жайлы сұраққа жауап бере алмады. "Олар (Есентаевтар отбасы - Авт.) Алматы тұрғындары, сондықтан бізде мұндай мәлімет жоқ", - деп атап өтті Талғар аудандық ІІБ басшысы. Сонымен қатар, ол Талғар Орталық ауруханасында Баян Есентаеваны суретке кімнің түсіргенін анықтау бойынша шағымның түскенін және оның қабылданғанын айтты. "Біз бөлмеге кімнің кіруге рұқсаты болғанын сұраттық. Полицейлер жансақтау бөліміне кірмеген, олардың рұқсаты болмаған, сондықтан олар емес, оларға мұның қажеті де жоқ. Біз мұны кімнің істегенін анықтап, хабарлаймыз", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Шайхин. 

Ол жәбірленушінің туыстарынан жауап алынғанын, оның ішінде оқиға кезінде болған туысынан жауап алынғанын айтты. Алайда полицей оның не дегенін айтпады. 

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. Ол екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети