13 маусым 2016 | 17:38

Баян Есентаеваның оқиғасы қоғамның назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына аударады - мәжілісмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева. © newstaraz.kz Баян Есентаева. © newstaraz.kz

Баян Есентаеваның оқиғасы қоғамның назарын тұрмыстық зорлық тақырыбына аударады. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Баян Есентаеваның оқиғасы қоғамның назарын тұрмыстық зорлық тақырыбына аударады. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл оқиға қоғамды дүрліктірді, осындай мықты әйелдің өзі зорлыққа тап болатынына назар аударылды. (...) Әрине, бұл оқиға барлығын осы оқиғаға назар аударуға мәжбүрледі", - дейді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, мұндай жағдай әйелдің өзіне байланысты. "Өкінішке қарай, әйелдер осындай зорлық көргенін жария ете алмайды", - деді Смирнова.

"Бізде гендерлік теңдік туралы заңның қабылданғанын міндетті түрде естен шығармау керек, ал бұл теңдік шынтуайтында жоқ. Біздің әйелдерде ер адамдарға берілген құқық жоқ, соңғы уақытта ерлердің басымдыққа ие болу жағдайлары жиі кездеседі. Бізде ерте тұрмысқа шығу жағдайларының бар екендігі де мәлім, қыздар 18-20 жаста тұрмысқа шығады, тіпті кейде білімі болмаса да одан да ерте шығады. Егер қыз баланың білімі болмаса, тіреуі болмаса, ал ерінің сәл ғана агрессиялық бейімі болса, онда агрессияның, террордың болатыны белгілі. Сондықтан мұны естен шығармау керек", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталықтары болуы керек. 

"Бізде тұрмыстық зорлықты жоюға арналған заң бар. Заңда әрбір өңірде тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендер тағдыры шешілгенше белгілі бір уақытқа бола алатын мекеменің болуы керектігі айтылған. Алайда барлық өңірде мұндай ұйым бар дей алмаймыз, әйелдер осындай жағдайға тап болғанда, біздің белгілі әртісіміз тап болған жағдайдан да күрделі болуы мүмкін. Бұл біздің көргеніміз ғана, талқылап отырғанымыз ғана. Онда біз нені жасырып отырмыз? Ері әйелін ұрса, балаларын ұрса, арақ ішсе, казинода ұтылса, әйелі болса мұны ешкімге айтпаса не болмақ? Әйел мұнда өз бетімен мәселені шеше алмайды. Сондықтан осындай орталықтар әрбір өңірде заң талаптарына сәйкес болуы керек", - дейді ол.

Депутат әйелдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі жайлы пікір айтты. "Бұл міндетті. Қазір біз орындалған бюджетті талқыладық, таяуда жаңа бюджет қаралады, онда гендерлік бюджеттеу қарастырылады. Бұл бөлек тақырып. Гендерлік бюджет болғанда бюджеттің қаншалықты дұрыс құрылғанын көруге болады. Гендерлік бюджеттеу ақшаны мемлекетке және зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің орталықтарына және тағы да басқа көмекші құралдарға аударуға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады сөзін депутат.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. Ол екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети