Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірді Баян Мақсатқызы

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірді. Продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірді. Продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Адвокат Баян Мақсатқызының Есентаевты сот залынан босатуды сұрағанын айтты. Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, Баянның күйеуіне айтатын ешқандай да шағымы жоқ, балалары да әкесін толықтай кешірген. "Баян Мақсатқызы қатты уайымдады. Күйеуін де қыздары үшін кешірді, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады", - деді ол.

Айта кетейік, продюсердің адвокаты, яғни Марат Асқарбеков әнші Аша Матайдың әкесі. Осылайша ол Баян Мақсатқызына туысқан болып келеді. Сондай-ақ, ол осындай шешім қабылдай алған Баянды дана әйел деп атады.


Марат Асқарбеков

Айта кетейік, сот отырысында продюсермен Грузияда бірге болған "Лашын" тобының мүшелерінен де жауап алынды.  Продюсер мен күйеуінің арасындағы жанжал осы сапардан кейін болған. Баян Мақсатқызының айтуынша, ол әуежайда таксиге отырған соң, кенеттен көлікке күйеуі кіріп отырған. Содан олар сонда сөзге келген. Бақытбек Есентаев әйелін аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Ота жасатқан Баян Мақсатқызы кейіннен тегін де өзгертті.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети