Байбек 50 мың теңгені тағы кімдер алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байбек 50 мың теңгені тағы кімдер алатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 50 мың теңге көлеміндегі көмекті тағы кімдер алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 50 мың теңге көлеміндегі көмекті тағы кімдер алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кеше Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлемді үшінші рет беруді тапсырды. Осы аптада ірі қалаларға жақын орналасқан шағын қалалар, ауылдар мен елді мекендердегі мұқтаж санатына кіретін 110 мыңға жуық отбасыға қосымша атаулы қаржылай көмек көрсетіледі", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 23 қаладағы 360 мыңнан аса отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

"Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Birgemiz қоры жұмысты тиімді және ашық жүргізуі ірі меценаттардың сенімін оятты. Алдағы уақытта қосымша қаражат түседі деп жоспарланып отыр. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы мұқтаж қазақстандықтарға тікелей қаржылық көмек көрсету мәселесін төртінш рет қарастыруды тапсырды. Басымдық еліміздегі ауыл тұрғындарына беріледі", - дейді Байбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети