08 қыркүйек 2014 | 12:15

Байбек әлем жастарына еліміздегі ұлтаралық татулықтың құпиясы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nurotan.kz ©Nurotan.kz

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Астанада өткен Shape Eurasia 2014 жастар форумында Қазақстандағы ұлтаралық татулық үлгісінің құпияларымен бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Астанада өткен Shape Eurasia 2014 жастар форумында Қазақстандағы ұлтаралық татулық үлгісінің құпияларымен бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандық жол" атты кітабында жазған мына бір астарлы сөзі біздің философиямызды айқын көрсете алады: "Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекенжай салып алуды арман етеді. Бірақ үй дегеннің мән-мағынасы оның жай ғана қабырғалары, терезелері және ішкі бөлмелері сияқты ұғымдардан әлдеқайда ауқымды. Үй деген - сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік мекенің. Ал біздің ортақ үйіміз - Қазақстан - ұлты мен сенімі әртүрлі болғанымен, Отанымыздың гүлденуі жолындағы бір мақсатқа біріккен адамдардың тағдыры", - деді ол.

Байбек әлемнің саяси белсенді жастарына Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық келісім орталығына оңай айналмағанын түсіндірді. "Тәуелсіздік алған тұста көптеген қауіп-қатер факторларын алға тарта отырып, барлық халықаралық сарапшылардың Қазақстанды "оқ-дәрі бөшкесіне" теңегені жасырын емес. Бірақ біз осы әлсіз тұсымызды өзіміздің күш-қуатымызға айналдырдық. Бүгінгі таңда этникалық, конфессиялық және мәдени келісімнің қазақстандық үлгісі көптеген елдерге үлгі-өнеге болды. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі, диалог пен бейбітшілік алдағы уақытта да біздің тәуелсіздігіміздің кепілі болып қала береді", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

"Сіздің елге келгеніме өте қуаныштымын, мен Астанамен таныстым. Елдеріңіз өте тамаша! Маған бұл жақ халқының сабырлылығы мен шынайылығы ұнады. Астананың инфрақұрылымы мен ғажайып сәулеті де таңғалдырды", - дейді форумнан алған әсерімен бөліскен шетелдік жастардың бірі - Сауд Арабиясынан келген шейпер қыз Рауан Әлбутаири.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясы мен Global Shapers Сommunity бірлесіп ұйымдастырған Shape Eurasia 2014 форумы Астанада екі күн бойы өтті. "Мультимәдени және дінаралық сұхбатты қалай құру керек?" тақырыбы кеңінен талқыланған жиынға 45 елден 100-ден астам жас көшбасшы қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети