06 сәуір 2018 16:28

Байбек аудандық әкімдіктегілерге жүргіншілерге қиындық туғызатын тротуарларды тексеруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі © Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудандық әкімдіктегілерге жүргіншілерге қиындық туғызатын тротуарларды тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудандық әкімдіктегілерге жүргіншілерге қиындық туғызатын тротуарларды тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қала басшысы кеңеске қатысушылардың назарын тұрғындарға қолайлы болу үшін жұмысты барынша сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауға аударды. Қазірдің өзніде барлық мердігерлік ұйымдар арнайы жасалған қоршауларды алды. Әр  обьектіде мердігер-компания директорының, жұмысқа техникалық бақылау жасайтын  және аяқталу мерзімін қадағалайтын ұйымдардың байланыстары көрсетілген паспорт орнатылады.  

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов әр ақаулы көше бойынша бордюрлер санының анықталғандығын және олардың дені дұрыс екенін,  жасалған бұл акт кейін Наурызбай және Алатау аудандарына берілетінін айтты.

"Биыл жөнделетін әр көше бойынша біз ақау актісін жасадық. Бұлардағы алынып қалған бордюрлер қайта  қолданылады, яғни тротуарлар, пандустар және биыл жөндеу жұмыстары қарастырылмаған көшелер үшін   пайдаланылады. Барлдық тиісті ақпарат әкімдіктің "Open Almaty" қоғамдық қабылдауының порталында жарияланады", - деді ол.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша аудандық әкімдіктер жүргіншілерге қиындық туғызатын түрлі құрылыстар жаулап алған тротуарларды тексереді. Стихиялы тұрақтың алдын алу және жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Еске салсақ, Алматыда 2018 жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау қарастырылған. Жол жиегіндегі тротуарлар абаттандырылады, арық  науалары жаңарады, қажет емес конструкциялар алынады,  айнала  жасылдандырылады, бұған қоса тұрақ  қалталары қиғаштанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети