Байбек Орталық мешіттегі қайырымдылық терминалдарын пайдаланып көрді

19 Мамыр 2017, 20:07
0
Байбек Орталық мешіттегі қайырымдылық терминалдарын пайдаланып көрді - © almaty.gov.kz
© almaty.gov.kz

Алматының Орталық мешітінде қайырымдылық төлемдеріне арналған терминал орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және басқаларын) электронды терминал арқылы бере алады, бұл жаңалықтың басты мақсаты - түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету.

"Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады", - деді Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетовтың сөзінше, бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез- келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.

Еске салайық, 2015 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық төлемдер жасауға арналған сегіз терминал сатып алып қойған. Олардың үшеуі Астана мешіттерінде орналастырылған. Ал 2016 жылы бұл терминалдардың көпшілігі қызмет қымбатшылығы мен халыққа түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен істемей тұрғандарын мәлімдеген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай