Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Almaty Bike велопрокат жүйесін сынақтан өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы әкімдігінде Almaty Bike велопрокат жүйесін іске қосу туралы меморандумға қол қою рәсімі өтіп жатыр.
© facebook.com/mshaken
Осыған дейін Алматыда 2020 жылға дейін 100 велотұрақ пайда болады деп жоспарланған болатын. Бұл мақсаттар Бауыржан Байбек ұсынған "Алматы даму бағдарламасы-2020"-да айтылған еді.
Astana Bike жобасын 2014 жылы "Самұрық-Қазына" қоры іске қосқан болатын. Мұндай жоба Шымкентте де ашылмақшы.