Алматы әкімі Бауыржан Байбектің баспасөз қызметі тағы да жетекшісіз қалды - таяуда тағайындалған Артур Нығметов жұмыстан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бауыржан Байбектің баспасөз қызметі тағы да жетекшісіз қалды - таяуда тағайындалған Артур Нығметов жұмыстан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы әкімінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы емес екенімді айтуыма туре келді. Кетуімнің себебін хабарлағым келмейді. Бірінші кезекте этикалық ұстанымдарыма байланысты. Бір ғана нәрсе айтамын: мемлекеттік қызмет мен үшін ешқашан мақсат болған емес. Алматы әкімдігіне мен билік пен қоғамның арасындағы тиімді диалог құруға байланыстың түрлі құралдары арқылы шын жүректен қызмет етуге келген едім. Бір істе қол жүрсе, бір істе жүрмеді. Жоспар көп болған. Аппарат кикілжіңдері мен ұрыс-керістерде әлсіз болғанымды мойындаймын. Себебі мен жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарайтын адаммын. Мұндай лас ойындарға қатыспаймын деп шешім қабылдадым. Меніңше, ресурс үшін аппараттағы шиеленіс, ұрыс-керіс, арада болып тұратын кикілжің мен күрес билігімізді тиімсіз етіп қана қоймайды, сонымен қатар әлсіз ете түседі. Бұл қайсыбір әкімнің, министрдің "Ахилестің өкшесі". Өз айналасындағы мұндай негатив құбылыстардың тамырына бірінші жетекші балта шабуы керек деп есептеймін", - деп жазды ол әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Ол Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті білікті менеджер деп есептейтінін атап өтті. Нығметовтың айтуынша, әкім алматылықтардың өмірін жақсартқысы келеді. "Өте заманауи әрі дамушы жетекші. Нағыз мемлекетшіл адам", - деп жазды ол. Ол билікте қызмет еткен 4 аптаның санасын 180 градусқа өзгерткенін айтты.
Еске салайық, Артур Нығметов Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне биылғы тамызда тағайындалған болатын.