Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесінде екінші сотталушы - Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың ұялы телефоны қарала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесінде екінші сотталушы - Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың ұялы телефоны қарала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастырып жатыр. Бүгін Байжановтың ұялы телефоны қаралды. Ұялы телефонды қосқаннан кейін мемлекеттік айыптаушы бірінші кезекте 9 қарашаға түскен кіріс және шығыс қоңыраулар тізімін жариялады.
Келесі кезекте мемлекеттік айыптаушы телефон галереясын зерттеуге кірісті, онда Бишімбаевтың өсиет қалдырған видеосы табылды.
"Бар затымды, банк аккаунттарымды, есептерімді (шоттар), балаларыма сыйлаймын, Назымға (бұрынғы әйелі) сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы", - дейді Бишімбаев бірінші видеода.
"Мансұр, Карим, Ранияға (үш баласы), Назымға сыйлаймын" - дейді екінші видеода Қуандық Бишімбаев.
Сондай-ақ, сотта Бишімбаев BAU мейрамханасындағы әжетхана есігін 25 рет соққан темір штатив де қаралды. Прокурор Айжан Аймағанова штативтің айтарлықтай ауыр екенін атап өтті.
"Қараңыз, бұл қаншалықты көлемді зат. Металл. Бұл жеңіл емес. Салмақты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл штативпен есікті 25 рет соғып, тескен. Біріншіден, оны көтеру керек, бұл қандай күш...", - деді прокурор Айжан Аймағанова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!