meteocenter.net
Бейсенбіден жұмаға ауысқан түні Байқоңыр қаласында бала бақша мен денсаулық сақтау орындарынан өзге барлық жерде жылу өшірілді, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан". Қала әкімшілігінің ресми сайтында, қала басшылары жылу беруді "мазут жылу тарату сұйықтығын сақтау үшін тоқтатты" деген жарлыққа қол қойды деп хабарланған. Жылудың тоқтатылуымен қала тұрғындары пәтерлерінің температурасы төмендеп жатыр.Бүгінде Байқоңырда ауа температурасы түнде минустық көрсеткіштерге жетсе, күндіз термометр бағамы +10 градус жылулықты көрсетуде. Ал, қалыптасқан қағида бойынша, Байқоңырда жылу беруді қаладағы орташа температура тәулігіне +10-қа жеткен кезде өшірілуі керек. Байқоңыр - Қазақсаттаның Ресейге жалға берілген қаласы. Ірі ғарыш айлағы бар қаланы Қазақстан Ресейге 115 миллион долларға 2050 жылға дейін берген. Ресми деректер бойынша, Байқоңыр тұрғындарының саны 73 мың. Оның 60 пайызға жуығы қазақстандықтар болса, шамамен 37 пайызы ресейліктер. Қалада Ресей әкімшілігінің билігі мен ресейлік құқық қорғаушылар бақылауда ұстайды. Қазақстанның Байқоңырда президент өкілі, әкімшілік және құқық қорғау орындарының өкілдері бар.
Бейсенбіден жұмаға ауысқан түні Байқоңыр қаласында бала бақша мен денсаулық сақтау орындарынан өзге барлық жерде жылу өшірілді, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".
Қала әкімшілігінің ресми сайтында, қала басшылары жылу беруді "мазут жылу тарату сұйықтығын сақтау үшін тоқтатты" деген жарлыққа қол қойды деп хабарланған.
Жылудың тоқтатылуымен қала тұрғындары пәтерлерінің температурасы төмендеп жатыр.Бүгінде Байқоңырда ауа температурасы түнде минустық көрсеткіштерге жетсе, күндіз термометр бағамы +10 градус жылулықты көрсетуде.
Ал, қалыптасқан қағида бойынша, Байқоңырда жылу беруді қаладағы орташа температура тәулігіне +10-қа жеткен кезде өшірілуі керек.
Байқоңыр - Қазақсаттаның Ресейге жалға берілген қаласы. Ірі ғарыш айлағы бар қаланы Қазақстан Ресейге 115 миллион долларға 2050 жылға дейін берген. Ресми деректер бойынша, Байқоңыр тұрғындарының саны 73 мың. Оның 60 пайызға жуығы қазақстандықтар болса, шамамен 37 пайызы ресейліктер.
Қалада Ресей әкімшілігінің билігі мен ресейлік құқық қорғаушылар бақылауда ұстайды. Қазақстанның Байқоңырда президент өкілі, әкімшілік және құқық қорғау орындарының өкілдері бар.