16 желтоқсан 2014 | 16:27

Байқоңыр мектептері қазақстандық стандартқа 2015 жылы 1 қыркүйекте көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Байқоңыр мектептері қазақстандық стандартқа 2015 жылы 1 қыркүйекте өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігі өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Байқоңыр мектептері қазақстандық стандартқа 2015 жылы 1 қыркүйекте өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігі өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Байқоңыр қаласында ҚР бюджетінен қаржыландырылатын 6 мектеп бар. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл мектептерде қазақстандық стандартпен сабақ өтілетін болады. 20 желтоқсанға дейін екі елдің үкіметі (Қазақстан мен Ресей) сәйкес келісім жобаларын дайындайды", - делінген әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Байқоңыр" кешенін бірігіп қолдану жөніндегі алқасы осы және басқа да мәселелерді Мәскеуде үкіметаралық отырыста қарастырғаны хабарланды. Отырысқа ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 

Келіссөздер нәтижесінде Ресейдің жалға алған нысандарының тізіміне 100 қонаққа арналған әйелдер консультациясы және 80 орындық перзентхана қосылады. 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап жалға алу мерзімі басталады. Тиісті құжаттарды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігі, Ресей федерациясының медициналық-биологиялық федералды агенттігі және Байқоңыр қаласы әкімшілігі осы жылдың 19 желтоқсанына дейін дайындайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети